Құпиялылық саясаты
Бұл саясат DATAmetrics datametrics.kz сайтындағы өтінім формасында қалдырған дербес деректеріңізді Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңына сәйкес қалай өңдейтінін сипаттайды.
Қандай деректер аламыз
Формада өзіңіз көрсеткен аты-жөніңіз, компания атауы, телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы және хабарлама мәтіні.
Не үшін
Тек өтініміңізге жауап беру үшін: міндетті нақтылау, ұсыныс пен құнын есептеп дайындау.
Қалай сақтаймыз
Деректер Қазақстан Республикасындағы серверде сақталады және өтінімдермен жұмыс істейтін DATAmetrics қызметкерлеріне ғана қолжетімді. Біз оларды сатпаймыз және ҚР заңнамасында көзделген жағдайлардан басқа үшінші тұлғаларға бермейміз.
Қанша уақыт сақтаймыз
Өтініммен жұмыс және кейінгі ынтымақтастық үшін қажет мерзімнен аспайды немесе келісім кері қайтарылғанға дейін.
Сіздің құқықтарыңыз
info@datametrics.kz мекенжайына жазып, деректеріңіз туралы мәлімет сұрай аласыз, оларды өзгертуді немесе жоюды талап ете аласыз және келісімді кері қайтара аласыз.
Байланыс
DATAmetrics, Астана қ., Алматы к-сі, 1-үй, «Асыл Тау» БО, 7-қабат, 702-кеңсе. info@datametrics.kz